-
Ақтөбе қаласы және аудандық білім бөлімдерінің басшыларына және басқармаға ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларына:
- 1.1. Білім беру ұйымдарында педагогтер мен ата-аналар арасында қаражат жинауға тыйым салу;
- 1.2. Қаражат жинауды болдырмау туралы педагогтер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- 1.3. Білім беру ұйымдарына педагог кадрларды қабылдау кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу;
- 1.4. Ротация тәртібімен ауысқан білім беру ұйымдары басшыларының командалық ауысуына жол бермеу;
- 1.5. Электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткізу құқығына қатысты сақтық шараларын алу мақсатында электрондық қолтаңбасы орналасқан құрылғыны өзге қызметкердің қолдануына беруге қатаң тыйым салу;
- 1.6. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық және қылмысқа жол берген барлық айғақтардың алдын алуы бойынша тиісті деңгейде шаралар қабылдау.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасарлары Н. Бертлеуоваға, А.Тындыбаеваға жүктелсін.
- "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ басшысы Б.Күзембаева

